Қарағанды облысында өткен тәулікте 13 қылмыс ашылды. Төтенше жағдай режимін бұзған 43 адам қамауға алынып, 9 тұрғынға айыппұл салынды. Бұған қоса 335 адамға ескерту жасалды. Рейд барысында тәртіп сақшылары тыйым салынған 21 затты тәркілеген. Тінту кезінде тегіс ұңғылы 13 қару табылды. Сондай-ақ 6 есірткі сақтау дерегі анықталды. Қазір Қарағанды өңірінде жалпы жағдай тұрақты. Қала маңына 8 блокбекет қойылған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, коменданттық сағатты бұзғандар қатарында шет ел азаматтары да бар.
Ерлан Файзуллин, Қарағанды облысының коменданты:
Төтенше жағдай режимі кезінде полиция бөлімдеріне 5 шетелдік азамат жеткізілді. Оның біреуі төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынса, екеуі көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Ал екі азамат сот шешіміне дейін арнайы қабылдағышқа орналастырылды.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды облысында төтенше жағдай режимін бұзған 43 адам қамауға алынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/151109/)