Түркістан облысы эпидемиологиялық ахуал бойынша «жасыл» аймақта болғанымен, қаңтар айының басынан вирус жұқтырғандар саны күрт өскен. Соңғы уақытта өңірде тәулігіне 20-30 адам коронавирусқа шалдығуда. Ал жыл басынан бергі он күнде COVID-19 инфекциясын 200-ден астам тұрғын жұқтырған. Сала мамандары аймақтағы эпидахуалдың нашарлап кетуін санитарлық талаптарды орындамау,бетперде тағу режимін сақтамаудан деп түсіндіреді. Сондай-ақ, мерекелік күндері топтасып жүру, қоғамдық орындарда карантин талаптарына салғырт қарау індет жұқтыруға сеп болған.
Айнұр Ақбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскен&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/151155/)