Президенттің тапсырмасымен құрылатын «Қазақстан халқына» қорына қазірдің өзінде қаржы жинауға меценаттар әзір. Алғашқылардың бірі болып Семейдің құрметті азаматы, меценат Марат Құрманбай 5 миллион теңге құюға дайын екендігін жеткізді. Ол Тәуелсіздік алғаннан бері кәсіпкерлік саласында. Қазір ірі корпорация құрып, 3 мыңға жуық шағын және орта бизнес өкілдеріне жұмыс беріп отыр. Он жылдан бері «Абыралы-Дегелең» атты қор құрып, Семей сынақ полигонынан зардап шеккен ауыл халқына көмек беріп келеді. Енді Президент бастамасын бір ауыздан қолдап, үлес қосуға өзгелерді де шақырады.
Марат Құрманбай, Семей қаласының құрметті азаматы:
«Қазақстан халқына» деген қор ашылып жатыр. Бұны қолдап отырмыз. Сол қорға 5 миллион теңге «Ақшың» корпорациясы үлесін қосады деп ойлаймын. Сондықтан біз өзіміздің отандастарымызды, шығысқазақстандықтарды, Семей қаласының кәсіпкерлерін осыған шақырамыз.
Ержан Жақып
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Семейлік меценат «Қазақстан халқына» қорына 5 миллион қаржы құймақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/151160/)