Үкімет отырысында Қазақстанда сұйытылған газ бағасы туралы айтылды. Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың сөзінше, сұйытылған газ нарығындағы жағдайды бақылауды қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылданған. Нақты айтсақ, литрі үшін 50-75 теңге аралығында баға енгізілген. Мысалы Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында - 50 теңге, Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Түркістанда – 60, Ал Нұр-Сұлтан қаласында, Қарағанды Павлодарда сұйытылған газ 70 теңгеден сатылып жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ел бойынша сұйытылған газ бағасы 50-75 теңге аралығында - Болат Ақшолақов&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/151162/)