Қызылорда облысында жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікпен жүзден аса бүлікші ұсталды. Бұзақылар күштік құрылымдардың «Антитерор» операциясы кезінде құрықталды.
Олардан айғақ зат ретінде қару мен оқ-дәрілер және анаша табылып, тәркіленді. Қазіргі таңда бүлікшілер қамауға алынып, полициямен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Жалпы қаладағы қақтығысқа қатысы бар 391 күдікті ұсталып, соның 62-не қылмыстық іс қозғалды.
Әділбек Серікұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылорда облысында 100-ге жуық күдікті ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/151163/)