Екінші деңгейлі банктердің онлайн сервистері кезең-кезеңімен қалпына келтіріледі. Алматы қаласы мен Алматы облысында банктерді қолма-қол қаражатпен қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді. Сондай-ақ ол теңгеге алыпсатарлық қысым көрсетуге жол бермеу үшін валюталық интервенция жасалуы мүмкін екенін айтты. Осылайша ұлттық валютаға деген сенімді қайтару үшін әрі инфляцияны төмендету мақсатында нақты шаралар қолға алынады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Теңгеге валюталық интервенция жасалуы мүмкін - Ерболат Досаев&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/151168/)