Коронавируспен ауырғандар саны бір тәулікте екі есеге артты. Кеше 4810 адам вирус жұқтырған. Алдыңғы күнгі көрсеткіш 2216 болатын. Осылайша елде науқастанғандар саны 1 млннан асты. Ауру әсіресе елордада өршіп тұр. Вирус жұқтырғандың 3312-сі Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген. Қала «қызыл» аймақ тізімінде. Қауіпті өңірлер қатарына Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау облысы қосылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырау облысы «қызыл» аймақ тізімінде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/151178/)