Қазақстанның 3 өңірінде төтенше жағдай режимі аяқталды. Павлодар облысы, Солтүстік және Батыс Қазақстанда төтенше жағдайдың күші бүгін таңғы сағат 7-ден бастап жойылды. Бұл жөніндегі Президент жарлығы Ақорда сайтында жарияланды. Естеріңізге саламыз, елдегі жағдайға байланысты бүкіл Қазақстан бойынша төтенше жағдай режимі 5-ші қаңтардан 19 қаңтарға дейін енгізілген болатын.
Берік Көшербай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодар облысы, Солтүстік және Батыс Қазақстанда төтенше жағдай режимі аяқталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/151263/)