Алматыда 2000-ға жуық бұзақылық жасаған адам ұсталды. Бұл туралы қалалық Шұғыл әрекет ету басқармасы хабарлады.
Қуан Нұрақын, тілші:
Қала полициясы бүгін Бостандық пен Түрксіб аудандары лаңкестерден босатылғанын хабарлады. Сондай-ақ, бұзақылар мен тонауға және басқа да қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 2000-ға жуық адам ұсталған. Қолға түскендерден 38 атыс қаруы мен 1400-ден аса оқ-дәрі тәркіленген.
Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:
"102" пультіне барлығы 961 хабарлама келіп түскен. Комендатураның Call-орталығына азаматтардан жедел қызмет көрсетуді сұраған 215 хабарлама келіп түскен. Барлық хабарламалар дер кезінде өңделді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда 2000-ға жуық бұзақы ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/151298/)