Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде қару-жарақ дүкені қалай тоналғаны жайында видео жарияланды. Бақылау камерасына түсіп қалған мына көріністе ондаған адам Амангелді көшесіндегі «Анна» қару-жарақ дүкенін бұзуға кіріскен. Ішке оп-оңай енген бұзақылар бірнеше сағаттың ішінде дүкеннің ішіндегі бар дүниені көтеріп әкеткен.
Қазір тонауға кімдердің қатысы бары анықталып жатыр. Айта кетейік, оқыс оқиға кезінде Алматыда 7 бірдей қару-жарақ дүкені тоналған болатын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде қару-жарақ дүкені қалай тоналғаны туралы видео жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/151318/)