Қызылордада дүрбелең кезінде әскерилердің «Камазын» тізгіндеп, қалада ойран салған бұзақы ұсталды. Күдіктіге қатысты бірнеше баппен қылмыстық іс-қозғалып, тергеу изоляторына қамалды. Қылмысқа барған қала тұрғыны жаппай тәртіпсіздік кезінде әскери техникамен облыс әкімдігі және жергілікті полиция басқармасының қоршауын бұзып-жарып, басқаларға жол ашып берген. Онымен қоймай, қаладағы жылдамдық өлшейтін құрылғылар орнатылған бағаналарды шетінен қиратқан. Шаһарда ойран салған күдіктінің түр-келбетін полицейлер, бейнебақылау камералары арқылы анықтаған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылордада бүлік кезінде әскери «камазбен» ойран салған бұзақы ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/151319/)