Нұр-Сұлтанда террористік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі жарияланды. Бірақ бұл белгі бір тәулікке ғана созылды. Яғни қаңтардың 13-інен 14-не дейін.
Сондай-ақ елордада комендант сағаты кезінде жолаушыларды қарсы алуға және шығарып салуға рұқсат етілді. Әуежай мен теміржолға барарда талап етілетіні - билетті және жеке басты куәландыратын құжатты алып жүру.
Бұдан бөлек «Назарбаев халықаралық әуежайы» – «Нұрлы жол вокзалы» қатынасындағы маршруттық автобустар іске қосылды. Олар кешкі 21:00-ден таңғы 06:00-ге дейін жүреді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұр-Сұлтанда коменданттық сағат кезінде жолаушыларды шығарып салуға рұқсат етілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/151354/)