Ұлттық банк елдегі дүрбелеңнен кейін қаржы нарығына интервенция жүргізді. Олардың көлемі 12 және 13 қаңтарда 240 млн долларды немесе бүкіл сауда-саттық көлемінің 50 пайызына жетті.
Жыл басынан бері шетел валютасына сұраныс біршама артқан. Оған елде бір апта бойы қор нарығындағы сауда-саттықтың болмауы әсер етті. Сондықтан теңге бағамы 433,67 теңгеге дейін түсіп, 0,5 %-ке әлсіреді.
Ұлттық банктегілердің айтуынша, қазір валюта нарығындағы жағдай тұрақталды. Қаржы нарығы толық жұмыс істеп тұр. Қаржылық операциялар штаттық режимде жүруде.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлтық банк қаржы нарығына интервенция жүргізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/151386/)