Бүгін Орал-Атырау-Бейнеу тасжолында екі бірдей жантүршігерлік апат болып, 10 адам қаза тапты. Батыс Қазақстан облысының Тайпақ ауылы тұсында «Камаз» бен «Тойота Камри» жеңіл көлігі бетпе-бет соғылып, өртеніп кетті. Құтқарушылар жеңіл көліктен 5 адамның денесін шығарып алды.
Ал Атырау облысының Құлсары-Бейнеу тас жолында «Honda Odessey» және «Ваз 2115» көліктері соғылып, 5 адам опат болды. «Ваз» көлігінің жүргізушісінде жүргізу куәлігі болмаған. Қазір екі оқиға бойынша да сотқа дейінгі тергеу амалы басталды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Батыс Қазақстанда болған көлік апатында 10 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/151406/)