Алматыда бүгіннен бастап метро жүре бастады. Қаладағы бүлікке байланысты метрополитен 5 қаңтардан бастап жабық тұрған.
Мекеме баспасөз қызметінің хабарлауынша, мегаполистегі барлық 9 станция қалыпты жұмыс істеп тұр. Шаһарда енгізілген төтенше жағдайға байланысты жерасты көліктері жолаушыларды таңғы сағат 07:00-ден кешкі 21:00-ге дейін тасымалдамақ. Рейстер аралығы - 10-13 минут.
Айта кету керек, былтыр ғана екі бірдей жаңа станцияның құрылысы аяқталған. Олар бірнеше айдың ішінде қолданысқа берілмек.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда бүгіннен бастап метро жүре бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/151487/)