Америка Құрама Штаттарында қалың қар жауып, боран соғып, жолдарды көктайғақ басты. Осыған орай елдің Вирджиния, Джорджия, Оңтүстік және Солтүстік Каролина штаттарында төтенше жағдай жарияланды. Елдің оңтүстік-шығысында 145 мыңнан астам адам электр жарығынсыз қалған. Мыңдаған әуе рейсі кейінге шегерілді. Ауа-райының қолайсыздығына орай жолдарда көлік апаты жиілеген.
Ауа райын бақылаушылардың мәліметінше, алдағы күндері тағы қар жаууы мүмкін.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-тың бірнеше штатында төтенше жағдай жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/151489/)