Атыраудағы Теңіз кенішінде эпидахуал күрт нашарлады. Екі күннің ішінде 127 жұмысшы індетке шалдықты. Өңірде де жағдай мәз емес. Толығырақ меншікті тілшіміз Жандос Темірғалидан білейік.
Жандос Темірғали, тілші:
Теңізде санитарлық тәртіп қатаңдатылды. Бүгін 101 жұмысшыдан вирус анықталды. Қазір кен орны аумағындағы стационарда 500-ге жуық адам емделіп жатыр. Кеніштегі медициналық мекемеде қосымша 1000 төсек-орын дайындалды. Өңірде де эпидахуал ушықты. Соңғы тәулікте 322 қала тұрғыны індетке шалдықты. Қазір 2 500-дей адам үйде емделуде. Сонымен қатар инфекциялық ауруханаларда бас-аяғы 730 науқас жатыр. 109-ы жүкті әйел, 25-і бала. 11 пациенттің жағдайы ауыр. Қазір облыста барлығы 250 000-дай адам вакцина салдыртты. 13 000-нан астамы кері вакциналаудан өтті.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырау облысында екі күнде 1134 адам індетке шалдықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/151553/)