Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында алдымен ішкі нарықты қамтамасыз ету қажеттігін айтты. Ауыл шаруашылығы министрі ішкі нарықты толықтыру үшін бірқатар жұмыстардың пысықталып жатқандығын жеткізді. Биыл 1 шілдеге дейін күнбағыс пен күнбағыс майы экспортына шектеулер енгізіледі. 3 ай картоп пен сәбіз экспортына, ірі қара мал мен ұсақ малды 6 ай сыртқа шығаруға тыйым салынады.
Сонымен бірге алдағы уақытта нан бағасы тұрақталуы мүмкін. «Әлеуметтік» нан өндіру үшін өңірлерде астық құнын субсидиялау мәселесі қарастырылып жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлихан Смайылов: Ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқа сатуға шектеу қою керек&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/151556/)