АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 1 адам қаза тапты. 9 тұрғын жараланған. Зардап шеккендердің арасында бес полиция қызметкері бар. Оқиға қаланың Бронкс ауданында болды. Әзірге, өртке не себеп болған белгісіз. Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр. Ал осыдан 9 күн бұрын қаланың осы ауданында тұрғын үй кешенінде болған өрттен 17 адам қаза тауып, ондағаны жараланды.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нью-Йоркте тұрғын үй өртеніп, бірнеше адам зардап шекті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/151647/)