Ұлыбританияда өткен айда инфляция 5,4 пайызға өсті. Бұл – 30 жылдағы, яғни 1992 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Енді Англия банкі қалыптасқан жағдайға байланысты келесі айда пайыздық мөлшерлемелерді көтеруі мүмкін. «Рейтердің» дерегінше, елде түрлі тауарлар мен қызмет көрсету саласы, әсіресе, азық-түлік қымбаттаған.
Бұған қоса үйге арналған жиһаз, киім-кешек, мейрамханалар мен қонақүйлердегі баға айтарлықтай өсті.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлыбританияда инфляция 30 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/151670/)