Ақмола облысында жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тіркелмеген қару-жарақтар анықталды. Төрт күнде 10 атыс қаруы, 15 оқ-дәрі, 20 шақты өзге де суық қару тәркіленді. Мәселен, Атбасар қаласының 44 жастағы тұрғынынан қосауыз мылтық табылды. Ал, Бурабай ауданында тіркелмеген ИЖ-18 мылтығы анықталды. Қазір мамандар тексеріп жатыр. Бірнеше сараптама тағайындалды.
Жедел-іздестіру шарасы кезінде 1 000-ға жуық нысан тексерілді.
Ермек Елберген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында тіркелмеген қару-жарақ тәркіленді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/151706/)