Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан басшысымен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-транзиттік, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылады. Келіссөздер процесін екі ел үкіметтерінің басшылығы деңгейінде шешуге уағдаласты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/151747/)