Павлодар облысы, Железинка ауданында мектеп қаржысын жымқырғаны үшін сотталған есепші әйел жыл өтпей жатып, балабақшаның 6,5 млн теңгесін жымқырған. Енді осы қылмысы үшін 2 жыл 2 ай тар қамақта отырады. Бюджет қаржысын миллиондап ұрлауды кәсіп қылған бұл азаматтың мемлекеттік мекемеге екінші мәрте жұмысқа қалай алынғаны әзірге жұмбақ. Себебі ол 2 жыл бұрын жергілікті мектептің 8 млн теңге қаржысын ұрлап, 2 жылға сотталған. Бірақ былтыр мерзімінен бұрын босап шығыпты. Содан бергі айналасы 8 ай ішінде балабақшаға жұмысқа тұрып, екі ұлының есеп картасына 6,5 млн теңгені аударып жіберген.
Бұны Ішкі мемлекеттік аудит департаменті анықтады.
Болат Аманбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодар облысында мектеп қаржысын жымқырған есепші тағы қамауға алынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/151775/)