Павлодар облысында коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейді. Соңғы тәулікте 865 адамнан анықталды. Оның 247-і балалар. Әзірге аймақта «омикрон» штамы ресми тіркелген жоқ. Бірақ аурудың бұлайша жылдам таралуы дәрігерлердің күдігін күшейтіп отыр. Қазірдің өзінде инфекциялық ауруханадағы төсек-орынның 42 пайызы науқастарға толы.
Ерғалы Асылбек, Денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы:
Егер де арушаңдық күрт өсіп, барлық халық жаппай ауыратын болса, біз жоспарлы госпитализацияны тоқтатып, облысымыздың барлық төсек-орындарын осы ауруға қарсы жұмылдыратын боламыз.
Болат Аманбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодар облысында 1 тәулікте 865 адамнан коронавирус анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/151776/)