Дерт дендеп барады. Елімізде бір күнде тағы 16 284 адам коронавирус жұқтырды. 7 адам көз жұмды. Оның алтауы - коронавирустан, тағы бір сырқат - пневмониядан қайтқан. Аты жаман аурудан ажал құшқандар мен жұқтырғандардың көбі Нұр-Сұлтан қаласында тіркеліп отыр. Ал, ел бойынша 124 000 адам ем-дом алып жатыр. Жұқтыру жағдайының көбеюінен қазіргі күні Қазақстанда үш мегаполис, яғни Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен 13 облыс «қызыл» аймақта тұр. «Сары» аймақта тек Түркістан облысы, ал «жасыл» аймақта ешқандай өңір жоқ.
Айта өтейік, елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 9 миллионнан асты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде бір күнде тағы 16 284 адам коронавирус жұқтырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/151780/)