Қазақстан халқының жартысының табысы 50 мың теңгеден аспайды. Бұл ақшаға тіршілік ету мүмкін емес. Елдегі тұрмыстық ахуалға Президент осындай баға берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Халықаралық сарапшылар, атап айтқанда, KPMG Қазақстан байлығының жартысынан көбін небәрі 162 адам иеленіп отырғанын мәлімдеді. Ал, тұрғындарының айлық табысы 50 мың теңге. Бұл жылына 1 300 доллар ғана. Мұндай жіктелу мен теңсіздік қауіпті. Жағдайды өзгерту керек. Бұған кәсіпкерлер ықпал ете алады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елдегі тұрмыстық ахуал: Халықтың жартысының табысы 50 мың теңгеден аспайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/151787/)