Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық компаниясын сынға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық компаниясын сынға алды

21.01.2022

Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының пайдасынан зияны көп деді.

«Жұмысы ашық емес. Лауазымды қызметтерге саяси тұлғалардың тағайындалуы да күмән тудырады. Оның үстіне тиімсіз сатып алулар жүргізіледі және қажетсіз шығындар тым көп. Еңбек дауы тағы бар. Сол үшін ұлттық компанияның жұмысына қоғамның көңілі толмайды»,- деді Президент.

Яғни «Самұрық-Қазынаға» ауқымды реформа қажет екенін тағы да баса айтты. Бұл жайында басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиевке тиісті тапсырма берілген.

«Шаруаны тындыра алмаса, қызметінен кетіп қана қоймай, ұлттық компанияда жұмысын тоқтатады»,- деді Мемлекет басшысы. 


Хабарламаларға жазылу