Алматы әкімдігі дәріханаларда натрий хлориді жеткілікті екенін айтты. Қазір тұрақтардыру қорының қоймаларында 200 миллилитрлік 80 мыңдай құты дәрі бар деді,-жауаптылар. Ал, бүгін қала әкімі медициналық мекемелердің ковидтік бөлімшелерін аралады. Бұзақылар шабуылдаған 7-ші ауруханаға соғып, вирус жұқтырғандарды қабылдау мүмкіндігімен танысты. Шахарда омикрон штамының таралуы күн сайын өсіп келеді. Бірақ, ауруханаларда орын жеткілікті. Ковидтік стационарларда 9 340 төсек-орын болса, оның 3300-і толған. Тағы мыңнан астамы резервте.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Омикрон» штамының таралуы күн сайын өсіп келеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/151831/)