Қызылорда облысы Сырдария ауданында көпбалалы 20 отбасы баспаналы болды. Тұрғын үйлер мемлекеттік бағдарлама аясында салынған. Ерекшелігі - ауылдық жерден берілген әр үйдің 10 сотық жері бар. Жаңа қонысжайда инженерлік-инфрақұрылымдық жүйелер толық жүргізілген. Жалпы бұл ауданда салынған алғашқы тұрғын үйлер емес. Былтыр баспана тауқыметін көріп келген 69 көпбалалы және мұқтаж отбасы қоныс тойын тойлады.
Әділбек Серікұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылорда облысында көпбалалы 20 отбасыға үй берілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/151880/)