Түркияның Стамбул қаласындағы әуежайда барлық ұшақтардың рейсі уақытша тоқтатылды. Бұған шаһарға қалың қар жаууы себеп. 4600-дей жолаушы терминалда қалып қойған. Әуе айлағына апаратын барлық жолдар жабылды. «Turkish Airlines» компаниясы ұшақ рейстерін жолаушылардың қауіпсіздігі үшін тоқтатқанын мәлімдеді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты көкке көтерілмей, ұшу-қону жолақтарында қалған ұшақтардан жолаушылар эвакуцияланған. Сонымен бірге Стамбулда мемлекеттік мекемелер мен сауда орталықтарында жұмыс уақыты қысқартылды. Кейбір деректерге сай, биіктігі 10-15 сантиметрдей қар жауған.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Стамбул әуежайында барлық ұшақ рейстері шегерілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/151946/)