Әлемдік спорт додасында топ жарып жүрген Елдос Сметов пен Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Нұрдәулет Жұмағалиға пәтер берілді. Нұрдәулет Жұмағали - Паралимпиада ойындарында жүзуден жүлде алған тұңғыш қазақ. 22 жасында Токиода өткен әлемдік бәсекеде қола жүлдеге ие болды. Ел намысын қорғап жүрген 2 спортшыға Тараз қаласының 15-шағын ауданынан 1 бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Қажет жиһаз демеушілердің қолдауымен қамтамасыз етілмек.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жамбылдық жампоздарға сәттілік тілеп, алдағы бәсекелерде жеңіспен оралуларына ниеттес екенін білдірді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елдос Сметов пен Нұрдәулет Жұмағалиға пәтер берілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152013/)