Сириядағы күрд жасақтары Хасака қаласындағы түрмеге шабуылдаған содырларды тойтарды. Қамау мекемесін босату АҚШ әскери-әуе күштерінің қолдауымен жүргізілген. 6 күнге созылған операция кезінде 175 лаңкестің көзі жойылды. «Даиштың» 200-дей мүшесі әс-Сина түрмесіне 1 апта бұрын шабуылдаған еді. Олар абақтыда отырған жақтастарын шығарып алуды көздеген.
Айта кетсек, бұл түрмеде террористер жағында соғысқан 3 500 адам жазасын өтеп жатыр.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Күрд жасақтары Хасака қаласындағы түрмені «ДАИШ» содырларынан қайтарды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152059/)