Ақмола облысында өткен аймен салыстырғанда індеттің таралуы 7 есе көбейген. Соңғы мәлімет бойынша 1 тәулікте коронавирус жұқтырғандар 900-ден асты. Облыстағы ахуалды тікелей байланысқа шыққан әріптесім Ермек Елбергеннен білейік.
Ермек Елберген, тілші:
Қаңтарда індеттің таралуы өршіп тұрғаны белгілі. Ақмола облысында пандемия басталғалы 60 000 адам ауру жұқтырса, оның 12 пайызы, яғни 7 000-ы соңғы аптада анықталды. Өткен аймен салыстырғанда дертке шалдыққандар 7 есеге көбейген. Әсіресе, Көкшетау мен Бурабай ауданында науқастар көп тіркелуде. Осы айда 800-ден астам оқушы індет жұқтырған. Ал, мектеп жасына дейінгі балалар арасында 136 жағдай тіркелді. 75 мектепте 109 сынып карантинде. Оқушылар қашықтан білім алуда. 315 000-нан астам ақмолалық екпенің 2 бөлігін де алған. Бұл тұрғындардың 43 пайызы ғана. Ал 55 000 адам ревакцинация жасап, 3-бөлігін салдыртқан. Облыс «қызыл» аймақта болса да, аумағы 6 000 шаршы метрге дейінгі сауда нысандарына шектеу алынды. Бетперде режимі мен «Ashyq» жүйесін қолдану сақталуда.
Ермек Елберген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында індеттің таралуы 7 есе көбейген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152068/)