Цифрлық майнинг үшін төлемақы енгізілді. Бұл Салық Кодексіндегі өзгерістерге сәйкес жүзеге асырылады. Төлемақы сомасы электр энергиясының нақты көлеміне сай есептеліп, ставка электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 1 теңге мөлшерінде айқындалады. Төлемақы төлеушілер бюджетке тоқсан сайын яғни айдың жиырмасы күнінен кешіктірмей төлеуі тиіс. Мысалы, 2022 жылдың бірінші тоқсаны үшін 20 сәуірден кешіктірмей төлем жасауы қажет.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде цифрлық майнинг үшін төлемақы енгізілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152081/)