Қырғызстан мен Тәжікстан өкілдері оқ атуды тоқтатуға және шекараға тартылған қосымша әскерді алып кетуге келісті. Бұл туралы Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі хабарлады. Бұған қоса, Баткен-Исфана арасындағы жол ашылады. Екі елдің құқық қорғау органдары қақтығысты болдырмау үшін шекара бойындағы елді мекендерді бірлесе қадағалауға келісті. Тәжік-қырғыз шекарасындағы жағдай бейсенбінің кешінде ушықты. Екі тарап бір-біріне оқ атқан. Олар қақтығыстың басталуына бірін-бірі айыптады. Соңғы мәліметке сай, қақтығыстан 17 адам жарақат алған. Қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тәжік-қырғыз шекарасындағы жағдай: Екі ел оқ атуды тоқтатуға келісті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152124/)