![«Аялаған Астана» музыкалық балалар байқауының іріктеу кезеңі аяқталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77161.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Аялаған Астана» музыкалық балалар байқауының іріктеу кезеңі аяқталды. Оған 8 бен 12 жас аралығындағы 1000-ға жуық жас өнерпаз қатысып, бақ сынады. Алайда, іріктеу кезеңінен тек 50-і өтіп, байқауға жолдама алды.
Айта кетейік, барлығы 3 кезеңнен тұратын конкурс қала күні өтетін болады. Мұнда қазылар алқасы мен көрермен қатысушылардың ішінен мықтыны анықтайды. Бас жүлде иегеріне 1 миллион теңге беріледі.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Аялаған Астана» музыкалық балалар байқауының іріктеу кезеңі аяқталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/15216/)