Ақтауда демалыс базаларының бірінде 58 жастағы азамат суға батып кетті. Оны іздестіруге 1 кеме, тағы 5 жүзу құралымен 70-ке жуық маман жұмылдырылды. Сондай-ақ құтқарушыларға 15 ерікті көмектесуде. Мамандар жоғалған азаматты теңізде ғана емес, жағалауда да іздестіріп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда суға кеткен азамат іздестірілуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152216/)