Бүгін футзалдан Еуро-2022 біріншілігінің ширек финалдық ойындары басталады. Қазақстан ұлттық құрамасы Украинамен ойнайды. Кездесу елорда уақытымен түнгі сағат 1-де басталады. Ойынды «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар. Еске сала кетсем топтық сында Біржан Оразов бастаған ұлттық құраманың жігіттері қарсыластар қақпасына 14 гол соғып, 7 ұпаймен көш бастады. Соңғы ойында италиялықтарды 4-1 есебімен жеңген еді. Енді украиналықтардан айласын асырса жартылай финалда Грузия - Ресей жұбындағы жеңімпазбен кездеседі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=EURO-2022: Бүгін Қазақстан құрамасы Украинамен кездеседі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152229/)