Қазір еліміздің жер-жерінде Президент сұхбаты кең талқыланып жатыр. Қоғам белсенділерінің айтуынша, Мемлекет басшысы азаматтарымыздың қауіпсіздігін алдыңғы орынға қоятынын айқындай түсті. Сондай-ақ Қазақстанның алдағы даму жолын айқындап берді. Ең бастысы, енді мұндай жағдай қайталанбауы үшін тиісті шаралар қабылданады.
Аманқос Құлов, Республикалық «Қазақстан әкелері» қауымдастығының төрағасы:
Анық барлығын айтты. Елдің көкейінде жүрген көптеген сұрақтарға жауап берді. Өз жауапкершілігіне алып, берілген тапсырмалардың, әр ведомостваға берілген тапсырмаларды қадағалайтынын айтты. Сонымен қатар еңбасты мақсат – еліміздің, халқымыздың қауіпсіздігі. Сонымен қатар органдар арасындағы, әскери салада жүрген қызметкерлерге, сол салада жүрген жұмысшыларға жағдай жасайтынын айтты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы азаматтардың қауіпсіздігін алдыңғы орынға қоятынын айқындай түсті - Аманқос Құлов&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152233/)