Түркістан облысының Бәйдібек ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде алапат өрт болып, 1 мың 100-ден астам мал мен қойшының өзі өртеніп кетті. Тілсіз жаудан 150 тонна шөп те түгел күлге айналған. Алғабас ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан қорада өрт бүгін таңғы сағат 7 шамасында басталған. Оның жылдам тұтанғаны сонша жарты сағат өтпей жатып, екі қабатты қора жайдың жартысынан астамын отқа ораған. Оны өшіру үшін өрт сөндірушілерге 3 сағаттан астам уақыт қажет болды. Қазір құзырлы орындар мәйіттің дерегі мен оқиғаның себеп салдарын анықтау үстінде.
Әбдіғаппар Тоқтиев, Бәйдібек ауданы өрт сөндіру бөлімінің басшысы:
Барлау барысында 1 мың 171 шаршы метр қораның 781 шаршы метрі өртеніп жатты. Өртті сөндіруге 3 автокөлік, құрамында 11 адам қатысты.
Ғани Қалмаханов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістан облысында қорадан шыққан өрттен қойшы мен 1000-нан астам мал өртеніп кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152235/)