Елімізде жалдамалы пәтерлердің ақысы қымбаттап барады. Energy Prom орталығының зерттеуіне сәйкес, Қазақстан қымбатшылық жағынан 107 елдің ішінде 82-орында. Жалдау ақысы бір жылда 17,5 пайызға өскен. Ал Алматыда баға 40, Оралда 32, Шымкентте 31, Нұр-Сұлтанда 26 процентке шарықтаған. Қазір елордада бір бөлмелі пәтерді жалдаудың орташа құны 160 мың теңге. Пәтерақының қымбаттауын сарапшылар сұраныстың артумен байланыстырып отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде жалдамалы пәтерлердің ақысы қымбаттап барады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152238/)