Жамбыл облысында ірі көлемде есірткі сақтаған күдікті ұсталды.
Жедел іздестіру операциясы кезінде полицейлер Меркі ауданының 37 жастағы тұрғынының ізіне түсті. Ол Шу ауданы «Бестаз» құмды аймағында қолға түсті. Күдікті 1 келіден аса гашишті 74 дана етіп бөліп орап, сатуға дайындаған. Бір орамы 20 дозаға есептелген. Ұсталған адам өз кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша қамау изоляторына жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Гүлсара Мұхтарқұлова, ПД баспасөз хатшысы:Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындап, қамаққа алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296 бабының 4 бөлігімен сотқа дейінгі терге амалдары басталды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл облысында ірі көлемде есірткі сақтаған тұрғын ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152247/)