![Жазушы Құрманхан Мұқамедиұлын еске алу кеші өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77169.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматыда талантты драматург жазушы, қоғам қайраткері Құрманхан Мұқамедиұлын еске алу жиыны өтті. Жиынға қаламгердің туған-туыстары мен зиялы қауым өкілдері жиналды.
Құрманхан Мұқамедиұлының өмірінен сыр шертетін деректі фильм тамашалап, туындыларынан үзінділер оқыды. Дара тұлға - Моңғолия елінде дүниеге келіп, ондағы қаракөз қазақтардың басын біріктірген жан.
Еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, Баян-Өлгий аймағы әкімшілігінің басшысы лауазымына дейін көтерілген. Өмірден озғанына жарты ғасырға жуықтаса да, ақыннаң «Жасыл дөң», «Асуда»сынды жинақтарын моңғол халқы әлі күнге дейін жастана оқиды.
Лиза Құрманханқызы, Құрманхан Мұқамедиұлының қызы:
Соңында өлеңдері, пьесалары қалды. Моңғолияның қазақтары тұратын Баян-өлгий аймақтық театры менің әкемнің «Жасыл дөң» пьесасымен ашылды.
Әйгерім МУСИНА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жазушы Құрманхан Мұқамедиұлын еске алу кеші өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/15232/)