Бүгін еліміздің біраз аймағында жел күшейеді. «Қазгидрометтің» хабарлауынша солтүстік-батыс пен оңтүстікте жауын-шашын болуы мүмкін. Суық антициклон шығыс пен солтүстіктің ауа райына әсер етеді. Бұл күн райы жауын-шашынсыз болады деген сөз.
Еліміздің батысы мен оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне орай тұрақсыз ауа райы болады. Жауын-шашын мен жел күшейіп, көктайғақ болуы мүмкін. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі. Нұр-Сұлтанда күндіз секундына 2-7 метр жел соғады, күндіз ауа температурасы 8-10 градус аязға дейін көтеріледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қазгидромет»: Еліміздің біраз аймағында жел күшейеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152360/)