Түркістан облысында бағаны бақылауда ұстауға 1,5 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаражат тұрақтандыру қорына азық-түлік қорын сатып алуға жұмсалмақ. Шалғай аудандардың халқы да арзан азыққа қол жеткізеді. Түркістандағы 13 әлеуметтік дүкен мен 5 сауда үйінде 19 түрлі тауар арзан бағамен сатылуда. Ірі базарларда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 2 айлық қоры сақталған. Алдағы уақытта әлеуметтік дүкендер мен тұрақтандыру қорының қоймаларын көптеп ашу жоспарланып отыр.
Лаура Жанасбаева, Түркістан облысы Азық-түлікті тұрақтандыру қоры департаментінің директоры:
1,5 млрд көлемінде жергілікті бюджеттен қаржы сұратылуда. Қарджы бөлінген жағдайда осы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыруға жұмсалады. Жалпы, қазір әлеуметтік дүкендердегі картоп пен сәбіздің бағасы 100 теңге, пияз - 70 теңге, қант 315 теңге.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістан облысында бағаны бақылауда ұстауға 1,5 млрд теңге бөлінеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152432/)