Елде 1600-ден аса қосалқы шаруашылықта 3,5 млн-ға жуық табыс деңгейі төмен азамат жұмыс істейді. Олар жылына 2,5 трлн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімін өндіреді.
Алайда ол өнімдердің пайдасын ортадағы делдалдар көріп отыр. Сенатор Әбдәлі Нұралиев несиенің үстемесін 2-3 пайызға төмендетуді ұсынды. Ол шағын қожалықтарды мемлекеттік қолдау мүлде жоқ екенін айтады. Сонымен бірге елде мал азығы нормадан екі есе аз өндірілетінін жеткізді. Ол 3 жыл бұрын Жамбыл облысында іске асқан пилоттық жобаны әр өңірге бейімдеп, қайта қолға алу керек дейді. Ол кезде өңірде жұмыссыздар саны 48 пайызға, АӘК алушылар саны 32 пайызға азайған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сенатор Әбдәлі Нұралиев шаруаларға арналған несиенің үстемесін 2-3 пайызға төмендетуді ұсынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152476/)