Батыс Қазақстанда Алматыдағы сауда үйін тонаған күдікті ұсталды. Тінту кезінде оның ресейлік нөмірлі «ВАЗ-2110» көлігінен 23 ұялы телефон табылды.
Полицейлер күдіктінің 5 қаңтар күні Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде «Москва» сауда үйін тонауға қатысқанын айтады. Олардың дерегінше, ер адам 31 телефон, 3 ноутбук пен 3 планшет ұрлап кеткен. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыдағы сауда үйін тонаған күдікті БҚО-да ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152483/)