Ақтөбеде үй өртеніп, 5 жастағы 2 сәби мерт болды. Қайғылы оқиға Қызылжар ауылында болған. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт 8 шаршы метр жерді шарпыған. Өрт сөндірушілер жеткенше тұрғындар жалынды өз бетінше өшірді.
Өкінішке қарай, ыстан уланған егіздер көз жұмған. Алдын-ала болжам бойынша от электр тоғының қысқа тұйықталуынан шыққан болуы мүмкін. Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбеде үй өртеніп, 5 жастағы 2 бала мерт болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152488/)