Биылғы мереке жылдағыдан ерекше тойлануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биылғы мереке жылдағыдан ерекше тойлануда

01.05.2014
Биылғы мереке жылдағыдан ерекше тойлануда

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шаралардан арнайы шығарылымдарын одан әрі жалғастырады. Қазір елімізің барлық аймақтарында мерекелік шаралардың қызған шағы.
  
 Бұған дейін айтқанымыздай, басты мерекелік думан Елордадағы Қазақ елі монументі жанындағы алаңда жалғасуда.
  
Әсем Изатқызы, тілші:
Тілі басқа, діні басқа, бірақ тілегі бір бір шаңырақтың астына жиналған ұлт пен ұлыстың ынтымақ күні бүгін, ағайын. Қазақ елі монументі алдындағы думан қазір қыза түскен. 
 
 Биылғы мереке жылдағыдан ерекше тойлануда. Бір емес, 23 этномәдени бірлестіктің этноауылдары құрылып, ұлт өкілдері салт-дәстүрлері мен мәдениетін дәріптеуде.
  
 Үш бірдей сахнада концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, оған 700-ден аса өнерпаз қатысуда. Ең қызығы, бірлік мерекесіне алыс-жақын аймақтан ат терлетіп келген ағайын көп. Солардың бірі Қызылордадан келген батыр ана Бибіжамал апай.
  
Қала қонағы:
Бүгінгі мереке құтты болсын! Ынтымақты тірлігіміз жарасып, тату өмір сүре берейік. Барша қазақстандықтарға амандық тілеймін.
  
 Бүгінгі мерекеде салтанатты шаралардан бөлек, ұлттық спорт сайыстары да өтіп жатыр. Қол күресінен мықты шыққан азамат дәл қазір менің жанымда тұр.
  
Қала тұрғыны:
Қарсыластарымды жеңу оңай болған жоқ. Мұның бәрі үлкен дайындықтың арқасы. Бұл спорт түрінен бөлек, күреспен де айналысып жүргеніме біраз болды. Негізі салауатты өмір салтын ұстанған дұрыс. 
  
 Жалпы, Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындарын достыққа  жарқын болашаққа жетелейді. Бүгінде мереке халықтың асыға күтер мейрамына айналды.
  
 Құрметті көрермен, әрі қарай да Ұлттық арна тілшілері Елордадағы басты алаңнан және еліміздің басқа да өңірлеріндегі мерекелік жиындардан байланысқа шығып, өтіп жатқан мәдени шаралар барысын баяндап отырады.
  
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу