Бүгін XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Бұл шараны тамашалауға Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барған ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады. Көптен күткен дүбірлі бәсекенің ашылуын сағат 17.55-те «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ, бүгін Ақ Олимпиадада екі қазақстандық спортшы шаңғымен тұғырдан секіруден ресми жаттығуын бастайды. Олар - Сергей Ткаченко мен Даниил Васильев. Басталуы - Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00. Айта кетейік, Нұр-Сұлтан мен Бейжің арасындағы уақыт айырмашылығы 2 сағат.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152544/)